Аша Матай жолдасы екеуінің расымен де сәби күтіп жүргендерін айтты. Мұнымен қатар, желі қолданушыларынан жеке басына қатысты тақырыптардағы сұрақтармен мезі етпеуді сұрады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Отандық продюсер Әділ Лиян Аша Матайды көптің сөзінен қорғаймын деп артық айтып қойған-ды. Ол жұлдызды жұптың көптен жасырған құпиясын жайып салған болатын. Десе де, бұдан кейін Аша мен Арман жүктілікке қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартқан болатын. Бүгін Аша Матай расымен де сәби күтіп жүргендерін ашып айтты. Мұнымен қатар, осы тақырыпқа қатысты сұрақтармен мезі етпеуді сұрады.
Сіздерден “Қыз ба, ұл ма?”, “Қашан босанасыз?”, “Қай жерде босануды жоспарлап жүрсіз?” сынды сұрақтар қоймауларыңызды сұраймын. Бұл жеке басыма қатысты мәселелер болғандықтан, маған түсіністікпен қарайсыздар деген үміттемін. Бұдан өзге ақпарат құпия болып қалғаны дұрыс”, – дейді Аша Матай.
Бұл жаңалықты тележүргізушінің өз аузынан естіген желі қолданушылары қуанып қалды. Бұдан былай артық сұрақ қоймаймыз дегендер де болды.
“Дұрыс айтасыз! Шын жүректен құттықтаймын”, “Қыз болса да, ұл болса да, аман болсын!”, “Қыз баланың мақсаты – ана болып, әйел бақытын сезіну. Ал жүкті әйел – ең сұлу әйел! Алла өзі берген түйінді өзі шешеді. Бір Аллаға сеніп аман-есен босан” дейді олар.