Шымкент қаласында адасып кеткен үш жасар бала табылды. Ол қазір әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімінде шешісін күтіп отыр.
Балақайды кеше кешкі сағат 19:00 уақытында Байтұрсынов көшесінде ер адам тауып алған деп хабарлайды otyrar.kz.
Балақай әлі анық сөйлей алмайды. Қорқып та қалған. Кішкентай бала өзінің аты Андриан екенін айтқан. Жасың қаншада деген сауалға берген жауабында үш саусағын көрсеткен.
„Р„-ға тілі келмейді. Оның шешісінің көлігі жоқ көрінеді. Қайда тұратынын да айта алмайды. Баланың әке-шешесі туралы білетіндер болса, Шымкенттегі шұғыл хабарлама телефонына хабарласыңыздар.