Ату жазасын енгізетін болса, онда Еуро одақ Түркияның одаққа енуі туралы келіссөзді кілт доғарады.
Бұл туралы France 2 телеарнасы хабарында Еуро комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер мәлім етті деп хабарлайды РБК.
– Мен, қазіргі жағдайымен Түркия жақын маңда мүше бола қояды деп ойламаймын, – деді Юнкер.
Ол ату жазасы кесілген мемлекетке „Еуро одақта орын жоқ„ деп салды.
Алайда Ердоған АҚШ, Ресей және Қытай секілді мемлекеттерді мысалға ала отырып, өздерінің бастамасының дұрыстығын дәлелдеуге тырысты.
Түркияда ату жазасы Еуроодаққа мүше болу реформалары қолға алынғалы – 2004 жылдан бастап алынып тасталған болатын.