WikiLeaks сайты АҚШ демократиялық партиясы ұлттық комитетінің электрондық пошта арқылы жолданған 20 мыңға жуық хатын жариялады. Олардың көбі осы партиядан АҚШ президенттігіне кандидат болуға үміткер Хиллари Клинтонның электрондық поштасы туралы іске байланысты хаттар.
Бұл авторлары «Hillary Leaks» деп атаған хаттардың бірінші бөлігі ғана деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Бұл тексеру АҚШ-та Хиллари Клинтон қатысып жатқан президенттік сайлау науқаны қызған кезде басталған. АҚШ президентінің кезекті сайлауы 2016 жылы қарашада өтеді.