Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Елбасы Мәсімовке Жер туралы комиссия жұмысының нәтижелерін ұсынуды тапсырды

Бұл ретте Мемлекет басшысы жыл соңына дейін бірқатар маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.

– Біріншіден, экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол берілмеуі тиіс, ол үшін барлық жағдай жасалған, қажетті қаражаттар бөлінген, жұмыстың тиісті бағыттары анықталған. Екіншіден, астық жинау мен күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелеріне назар аудару қажет. Сонымен бірге ЭКСПО-2017 көрмесі мен 2017 жылғы қысқы Универсиадаға әзірлікті жалғастыру керек, – деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елдің одан әрі индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ Елбасы жуық арада Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды.

– Тамыз айының соңында біз Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, алдын-ала қорытындыларын жасау және ары қарайғы іс-қимылды айқындау үшін барлық аталған мәселелердің шешімін әзірлеуді сұраймын, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз