Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
7
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

Алматыда бір жағына қисайған, апатты жағдайдағы тұрғын үй сүрілмейтін болды

Өткен апта соңында дәл сол маңайдан көпқабатты жаңа үйдің құрылысы басталды. Үйдің іргетасын құятын қазандық қазылды. Тереңдігі – төрт метр. Қазу жұмыстары 7-маусымда басталды. Құрылыс компаниясының өкілдері жұмыс сапалы болады деп сендіреді.

Мейіржан Досанов, құрылыс алаңының басшысы:

– 1 желтоқсанға дейін құрылысты толық бітіреміз. Бірақ адамдар 16-желтоқсанда кіргізіледі. Бәрін көресіздер. Егер кем-кетіктері болса, сол жерде жасаймыз бәрін. Ал апатты деп танылған 9-қабатты үй бұзылмайды. Оған қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Бағдат Мәнізоров, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі:

– Бұрынғы апатты жағдайдағы ескі үйді жөндеуден өткізіп, өздері сата ма, көреді. Ал қаламен келісімшартқа отырды, қала тұрғындары, құрылыс компаниясы – үшжақты келісім бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз