Оңтүстікте сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған деген күдікпен бірнеше лауазымды тұлға ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысындағы департаменті хабарлайды.
Оtyrar.kz ұлттық порталының хабарлауынша, Шымкентте полиция капитаны пара үшін жазаланды.
Қазіргі таңда ұсталған азамат қалалық ішкі істер басқармасының уақытша тергеу абақтысына қамалды. А.Ниязов қалалық мәслихаттың бесінші және алтыншы шақырылымына депутат болып сайланған.
Бұған қоса, «Айсана ана» және «Жас шуақ» балабақшаларының құрылтайшысы мен меңгерушісі ұсталды. А.Биболов балабақшада тәрбиеленетін бүлдіршіндердің жалған тізімін жасау арқылы «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы арқылы бөлінген бюджеттің 10 000 000 теңгесін жымқырған.
Қазір бұл азамат Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімінің абақтысында қамауда жатыр. Осы екі факті бойынша тергеу-тексеру жалғасуда.