Алматыда „Астана„ қонақүйінде „Қазақтың тілі мен тарихы – ұлттың алтын қазығы” деген тақырыпта дөңгелек үстел өтіп жатыр. Бұл – білім саласындағы „үштілділік„ саясатын талқылаған алғашқы қоғамдық талқы.
Қоғам қайраткерлері „үштілділік„ реформасының терең саясатына үңіліп, оны ұлтты жоюға бағытталып жатқан реформа деп бағалады. Осылайша ел ағалары өздерінің бұл реформаға қарсы позициясын ашық білдірді.
Жиынға білім және ғылым министрлігінен келген өкілдер де қатысуда. Олар сөз алу үшін өз кезектерін күтіп отыр.
Сондай-ақ қоғамдық талқыға елге танымал тұлғалар – тіл мамандары, тарихшылар, саясаткерлер, зиялы қауым өкілдері және ұстаздар қатысып жатыр.
Аталған шараны ұйымдастырушылар Болатхан Тайжан қоры мен “Жас Алаш” газеті екенін айта кетелік.