Марсельде Ресей мен Англия футбол құрамалары кездесуі алдында, одан кейінде де қос тараптың жанкүйерлері аяусыз төбелескен.
Салдарынан 30-дан аса адам жарақаттанып, біреуі ауруханада ауыр халде жатыр. Осы тәртіпсіздік оқиғасына байланысты іс қозғалған. УЕФА жанкүйерлердің қатысуымен болған тәртіпсіздіктер қайталанса, онда командалар мерзімінен бұрын жарыстан аластатылатынын мәлімдеді. Ал Ресей футбол одағына 150 мың евро мөлшерінде айыппұл салынды.
Еске сала кетсек, Ресей құрамасына қатысты іс Англиямен өткен кездесуден кейін қаралған болатын. Ойыннан кейін стадион трибуналарында екі елдің бұзақылары өзара қақтығысып қалды. Қарап қалмаған ресейлік жанкүйерлер стадионға өткізуге тыйым салынған пиротехниканы да қолданған.