Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

1980-ші жылдан кейін туғандарға мемлекет пенсия төлемей ме?

221

«2040-шы жылдары 1998 жылға дейін еңбек өтілі болмаған адамдар зейнетке шыға бастайды. Олар тек өздерінің жинағы мен БЖЗҚ-ға түсіп отырған жарнасының жиілігіне байланысты белгіленетін базалық зейнетақыны ғана алады. Сонда 1998 жылға дейін жұмыс істемеген тұлғалардың болашақ зейнетақысы мемлекеттік бюджеттен базалық зейнетақы түрінде және БЖЗҚ-дағы жинағынан төленеді»,— депті қор басында қонжиғандар.
https://kaz.365info.kz/khazakhstanda-devalvatsiya-bolyp-zhatyr-mazhilis-deputaty-327456
Қазіргі зейнеткерлер мемлекет тарапынан базалық және тілектестік (солидарный) зейнетақы және БЖЗҚ-дағы өз жинағы есебінен зейнетақы алады.

Солидарный деген зейнетақыны 1998 жылға дейін кемінде жарты жыл еңбек өтілі болған азаматтар ғана алады екен.

«Базалық зейнетақыны жасына байланысты зейнетке шыққан барлық зейнеткерлер алады, бірақ оның көлемі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне және зейнетақы жинақтау жүйесіне қанша жыл бойы қатысқанына байланысты болады. Жалпы еңбек өтілі 10 жыл немесе одан төмендер үшін базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайтын болады, 2018 жылы ол — 15 273 теңге.

Ал еңбек өтілі 10 жылдан жоғары болса, әрбір жыл үшін базалық зейнетақы 2 пайызға өседі. Бірақ ол өсім 100 пайыздан аспайды»,

деп түсіндіргендей болыпты қорымызды басқарып отырған бір кісілер.
https://kaz.365info.kz/khazakhstanga-olim-stsenariji-kelui-mymkin-ajdan-karibzhanov-327660

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз