Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

4-маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

1212

ҚР Конституциясы 1995 жылы 3-тамызда референдумда қабылданды. Егемен елдің құқықтық құжаты 9-бөлім, 98-баптан тұрады. Конституцияның 9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі бекітілген.

Ата заңның 34-бабында әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.

Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.

Кеше Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткенін баса айта кетелік.

Онда Мемлекеттік хатшы:

– Осы жылдың наурыз айында Елбасы Жарлығымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасы бекітілген болатын. Соған орай жұмыс жоспары қабылданды. Аталған жоспарға, тұжырымдамға сәйкес, маусым айы рәміздер айы деп саналады. Сондықтан, осы айда рәміздерімізді терең насихаттап, жүргізген жұмыстарымызды көрсетуіміз керек, – деді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз