ҚР Ұлттық банктің бүгінге бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы 336,73 теңгені құрады. Ал кешегі ресми бағам 335,87 теңге болатын. Осы жағынан алғанда, бір күнге тұрақтаған АҚШ долларына қайтадан жан бітті.
Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 335-337 теңге аралығында сатып алынып, 338-340 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал кеше сатып алудағы бір доллардың құны 332,5-335,5 теңге болса, ол 337-338 теңге аралығында сатылған болатын. Демек, өткен күнмен салыстырғанда, бүгінгі бейресми баға 2-5 теңгеге өскен.
АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 22-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 33,87 теңге деңгейінде нақтыланды.