Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлық көбейген

Бұл туралы Ақтөбе қалалық сотының төрағасы Айсұлтан Балмұқанов бес айда қаралған істерді қорытындылау кезінде мәлім етті деп хабарлайды aktobenews.kz.

– 776 адамға қатысты қаралған қылмыстық істің ішінде 435 адамға айыптау үкімі шығарылды. Ал өткен жылы 313 адамға қатысты үкім шығарылған болатын. Биыл сотталған адам саны 28,4 пайызға көбейген. Біздің соттың үкімімен сотталған 435 адамның 108-іне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, 158 адамның бас бостандығына шектеу қойылды, 26-сы шартты жазаға тартылса, 90-ы қоғамдық жұмысқа жіберілді. Бізге келіп түскен 65 іс прокуратураға қайта қайтарылды, — дейді Ақтөбе қалалық сотының төрағасы Айсұлтан Балмұқанов.

Сот төрағасы тараптардың медиациялық шарт жасаумен істің қысқартылуы жақсы жолға қойылғанын атады.

Жиында төраға мемлекеттік қызметкерлердің арасында жемқорлар санының көбейгенін де айтып кетті.

Өткен жылы алты мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлықпен сотқа тартылса, биыл тоғызға жетіпті. Жемқорлық ісі бойынша сотқа шақырылған мекемелердің арасында «Еңбек Ақтөбе», зауыт полициясы, қаржылық бақылау мекемесінің қызметкерлері бар.

Сондай-ақ облыстық ішкі істер департаментінің екі бірдей лауазымды қызметкері сот алдында жауапқа тартылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз