Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

2019 жылы қазақстандықтардың басым көпшілігі 58 мың теңге жалақы алған

245
Сурет: Pavel_D/Shutterstock.com

2019 жылы Қазақстандағы медианалық жалақы тек 5,6%, 112,2 мың теңгеге ғана өскен.

Бұндай мәліметтерді статистика комитетіне сілтеме бере отырып, ranking.kz сайты келтіреді.  Медианалық жалақыны есептеуде орташа жалақы деп барлық жалақылар көлемі көрсетілген тізімнің дәл ортасы алынады. 3,3 млн жұмыскер 112,2 мыңнан төмен жалақы алған.

Медианалық жалақы көтерілгенмен, оны инфляция «жеп қойған». 2019 жылы инфляция көлемі 5,4% құраған

2019 жылы орташа жалақы 15,8%-ға — 203,9 мың теңгеге өсті.

Медианалық және орташа жалақының аймақтар бойынша  айырмашылығы 45% -дан  67,4%-ға дейін құбылады.

2019 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша ел астанасындаға орташа жалақы 308,1 мың теңге, медианалық жалақы — 157,4 мың. Алматыда сәйкесінше — 248,7 және  141,4 мың.

2019 жылы халықтың көп бөлігі алатын жалақы 27,5%-ға,  58 034 теңгеге дейін төмендеген

Жамбыл (67,4%), Павлодар (67,4%) және Солтүстік Қазақстан (66,8%) облыстарында ең жоғары жалақы теңсіздігі анықталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз