Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

2017 жылы Үкімет Парламентке 33 заң жобасын қарауды ұсынады

Министрдің айтуынша, жоспар жобасын дайындауда Мемлекет басшысының, Үкімет басшылығының тапсырмалары, сондай-ақ Заң шығару жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары ескерілген.

– Мысалға алар болсақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейтуге, жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізуге, бейінді емес бәсекелестік ортада мемлекеттің функциялары мен өзін-өзі басқаратын ұйымдарға аударуға бағытталған заң жобаларын құру жоспарланып отыр, – деді Марат Бекетаев.

Сонымен қатар, жоспар бойынша мынадай жекелеген заң жобаларын құру жоспарланып отыр: «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Әкімшілік іс жүргізу кодексі», «Табиғи монополиялар туралы», «Кинематография туралы», «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша», «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Салық және бюджетке төленетін және кедендік реттеу үшін басқа да міндетті төлемдер туралы».

«Бұған қоса, қолданыстағы заңнамаларға да өзгерістер енгізу ойластырылуда. Мәселен, бұл агроөнеркәсіптік кешен, ақпараттық және коммуникациялық, әкімшілік құқық бұзушылықтар және басқа да салалар», – деді Әділет министрлігінің басшысы.

Жалпы алғанда, министрдің мәліметі бойынша алдағы жылы мемлекеттік органдар 23 салада заңнаманы жетілдіруді жоспарлап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз