Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

2016 жылдан бастап республикалық бюджеттің жобасы қоғамның талқысына ұсынылатын болады

Бұл туралы халыққа есеп берген ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

– Әр азамат қазынадағы ақшаның қалай келiп, қайда кетiп жатқандығын бiлуге құқылы. Бiз бұны бюджеттiң ашықтығы деп атаймыз. Бiз 2008 жылдан бастап стандартты бюджеттерден басқа, азаматтарға арналған ерекше бюджеттi жариялап келемiз.

Қазақстан «Ашық бюджет» индексi бойынша халықаралық рейтингте 51 ұпайға ие. Бұл – бiрқатар Шығыс Еуропа елдерi үшiн жақсы көрсеткiш. Бiз биылғы жылдан бастап орындалған жұмыс туралы есеп берiп қана қоймай, қоғамдық талқылау мен керi байланыс орнату үшiн республикалық бюджеттiң жобасын жариялауды жоспарлап отырмыз, – дедi Бақыт Сұлтанов.

Министрдiң айтуынша, бюджет туралы заңнамада келесi жылдан бастап республикалық бюджеттiң орындалуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi республикалық бюджеттiк комиссия отырысында бюджеттi қалыптастыру және талқылауға тiкелей қатысатыны жайлы ереже қарастырылған. Комитет атқарылып жатқан жұмысқа алдын ала баға беретiн болады.

Алдында Мәжілісте 2015 жылдың республикалық бюджеті бойынша есеп берген Үкімет мүшесі өз сөзін ортасынан тоқтатуға мәжбүр болғанын хабарлағанбыз. Өйткені депутаттар республикалық бюджеттің игерілуінен бірқатар қателерді тауып, соған ұқсас сауалдарына жоғарыдан үнемі жауап ала алмайтындарын да ызамен мәлімдеді.

Осы үлкен сыннан кейін Үкімет республикалық бюджеттің жобасын алдын ала қоғам талқысына ұсынуды жөн көрген секілді. Алайда депутаттармен қоса, халық та Үкіметтен жауап ала алмай, олардың көмектесуі тиіс деген бұл шарасы өздеріне томпақ болып жүрмесін деңіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз