Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
22
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

20 қырғыз азаматы бар автобус Ақтөбеде апатқа ұшырады

Қазақстандағы Қырғыз Республикасы елшілігі бұл оқыс оқиғаға қатысты жергілікті құзырлы органдармен байланысқанын мәлімдеді.

– Құзіретті органдардың мәліметтеріне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы тіркелмеген. Сонымен бірге, елшілік телефон арқылы осы ақпаратты таратушы Нуркыз Назаркуловамен тілдесті. Оның айтуынша, 2016 жылы 29-нан 30-қазанға қараған түні таңғы 05:30-да ҚР Ақтөбе облысында Мерседес-Спринтер жүргізушісі көлікті басқара алмай, жыраға түсіп кеткен, – деп хабарлайды елшілік.

Елшіліктің хабарлауынша, салонда 18 жолаушы және 2 жүргізуші болған. Жол-көлік апатынан жүргізушілер мен жолаушылар түрлі дене жарақатын алған. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының дәрігерлері қажетті көмек көрсеткен соң, 13 жолаушы өзге автокөлікпен Ресей Федерациясына жүріп кетті. 5 зардап шегуші кері еліне оралу туралы шешім қабылдапты.

«Нурқыз Назаркулованың айтуынша, автобус жүргізушісіне еш шағым болмағандықтан, ҚР құзырлы органдарына ресми хабар берілмеген. Мерседес-Спринтер Бішкек қаласынан Мәскеуге бағыт алған, ондағы жолаушылар мен жүргізушілер – Қырғызстан азаматтары», – деп хабарлайды елшілік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз