Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Доллар: ресми бағам өскенмен айырбас құны құлады

133

Алайда ақша айырбастау орындарындағы бағамға жүгінсек, америкалық валюта осы апта басынан бері шамамен 10 теңгеге күш алған. Алайда бүгін ақша айырбастау орындары шетел валютасының аптығын басуды жөн көрген секілді.

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 333-337 теңге аралығында сатып алынып, 338-339 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал кеше ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 337-338,5 теңге аралығында сатып алынып, 340-341 теңге аралығында сатылғанын еске сала кетелік. Соған қарағанда, доллар алдағы аптада екпінін басатын сыңайлы.

ҚР Ұлттық банктің 16-маусымға бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 евро —380,04 теңге, ресей рублі — 5,15 теңге, 1 фунт стерлингі — 480,96 теңге, жапон йені— 3,19 теңге, 1 қытай юаньы — 51,47 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,99 теңге, 100 өзбек сумы— 11,57 теңге болды.

АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 15-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 338,75 теңге деңгейінде нақтыланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз