Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“15 жыл бойы үңгірде секс-құлдықта ұстаған”. Мына бақсы не бүлдірген?

199

Жәбірленуші 15 жыл бойы 83 жастағы ешмінің үйінде түнеп келген. Ер адам тұтқындағы қызға Амрин есімді жас жігіттің суретін көрсеткен, ал жәбірленуші болса оны өзінің жігіті деп ойлаған. Осылайша, егде жастағы бақсы денесіне Амриннің рухы енгенін айтып, немересіндей қызды жыныстық қатынысқа түсуге мәжбүрлеген.

«Әлбетте, ол осылайша өз қалауын қанағаттандырған», – деді полиция басшысы.

Бақсы да 2008 жылдан бері қызбен жыныстық қатынаста болғанын мойындады. Полицияның хабарлауынша, жәбірленушінің әпкесі сіңлісінің жақын маңда жүргенін көршілеріне айтқан. Осыдан кейін полицейлер қызды іздестіріп, оны үңгірден тауып алды. Сондай-ақ, жоғалған қыздың әпкесі бақсының келіні болған және сіңлісінің қайда екенін білетін.

Қызды 15 жыл бойы құлдықта ұстаған емші оның жоғалуын ата-анасына басқаша түсіндірген. Ол жәбірленушінің отбасына қыздары Джакартаға жұмыс істеуге кетіп қалды деп айтқан.

Жәбірленушінің ата-анасы бастапқыда қыздарын емдету үшін осы емшіге алып келген екен. Ер адам сол уақыттың өзінде арам пиғылын жүзеге асыруды көздеген көрінеді. Бүгінде оның қылмысы әшкереленіп, қамауға алынды. Енді ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз