Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

15 жасында ана атанған оқушы: “Алтыншы сыныпта таныстық…”

1910

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Нағима босаға аттамаған, некесі қиылмаған. Былтыр, небәрі 15 жасында ана атанған. Баласының әкесі өзінен 5 жас үлкен екен. Онымен 6-шы сыныпта оқып жүргенінде танысыпты. Үш жылдай кездесіп, сезімге мас болып жүргенінде жүкті болып қалады. Ал, аяғының ауыр екенін естіген сүйіктісі, жауапкершіліктен жалтарып, ізім-ғайым жоғалған.

«Мен ішімді қысып, көрсетпеуге тырысып жүрдім. Өзімнің аяғым ауыр екенін тек 8-айында ғана білдім. Аяғым ауыр болған кезде мен 9-сыныпты бітірдім. Анама айта алмадым, батылым бармады. Мен саған көмектесемін, баланы екеуміз бағамыз деді. Сеніп қалдым. Махаббат болды бізде. Қатты сендім», – дейді қала тұрғыны Нағима.

«Шыңғырып жатыр». Көлік ішінде қыз зорламақ болған таксист ұсталды (видео)

Еліміздегі жастардың үштен бірі жыныстық қатынасты 15 пен 19 жасында бастайды екен. Ал мұның салдары көптеген келеңсіздіктерге әкелуде.

Мәселен, венерологиялық аурулар жұқтырған қыздар көбейіп барады. Бұл көрсеткіш әсіресе, 15 пен 17 жастағылар арасында өршіп тұр. Нәтижесінде ерте жүктілік те белең алуда.

Ал мамандар мұның бәрі – отбасындағы тәрбиенің әлсіздігі мен мектепте ерте жыныстық қатынасқа түсудің зияндығын түсіндіретін адамның жоқтығынан болуда дейді.

Сандар жаға ұстатады!

Тек былтырдың өзінде түсік жасатқан оқушылардың саны 3 жарым мыңға жеткен.

Мәселен, мамандар жүргізген зерттеу барысында 15 пен19-дың аралығындағы бойжеткендердің 16,7 пайызы бұған дейін жүкті болғанын растаған.

Сауалнамаға қатысқан төрт жарым мыңға жуық қыздың 2 пайызы үйде абортқа барғанын айтыпты. Атап өтерлігі, қаладан гөрі ауыл жастары жалған махаббатқа мастанып, жиі шалыс басады екен.

«Бүгінгі таңда ауылдың жастарымен проблема көп. Ерте жүктілік бойынша ауылдың жастары көш бастап отыр.

Себебі, жыныстық тәлім-тәрбиеден жұрдай,

одан бөлек жүктіліктің алдын алатын контрацептивтік тауарлар оларға қолжетімсіз», – дейді БҰҰ Халықты қоныстандыру саласындағы қорының Қазақстандағы үйлестірушісі Ғазиза Молдағұлова.

«Түрсиге дейін алдырған…». Жамбылда жас қыз бір еркекті оңбай «лақтырды» (видео)

«Қазіргі уақыттағы өмір салты кінәлі. Балаға ол тақырып қозғаған ерте. Ерте-ерте деп қалай есейіп, осы жағдайға қалай тап болғанымызды білмей қаламыз. Табиғи нышандары басталған шақта бастауыңыз қажет.

Ол 11-12 жас. Ол жас баламен ашық сөйлесетін тақырыптар. Оны ең жақын адамы қозғау керек. Жыныстық қарым-қатынас жағындағы тәрбиені өзінің жанындағы ең жақын адамы, қыздың анасы қозғау керек», – дейді психолог Ғалияш Махашева.

Аборт, ерте жүктілік былай тұрсын венерологиялық аурулар жұқтырған оқушы қыздар да көбейіп барады. Бұл көрсеткіш әсіресе, 15 пен 17 жастағылар арасында өршіп тұр. Мәселен,

мектеп оқушыларынан сифилис, гонорея мен трихоминиаз табылған.

«Мәселен өткен жылғы статистикаға сүйенсек, аталмыш топтағы жастардың арасында 700-ге жуығында жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекция анықталған.

Оның 17 пайызы сифилис, 40 пайызы гонорея. Бұл кәдімгідей үлкен проблема, сондықтан тездетіп мәселені қолға алып, мектептерде ашық сабақтар өткізу қажет», – дейді Республикалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас директоры Бауыржан Байсеркин.

«Мен ондай емеспін!..». Өзінен 14 жас кіші жігітке тиген келіншек ашынып кетті (видео)

Таңқалатын жәйт, мұндай жағдай дамыған Еуропа елдерінде некен-саяқ қана кездеседі екен. Ал мамандар мұның бәрі – отбасындағы тәрбиенің әлсіздігі мен мектепте ерте жыныстық қатынасқа түсудің зияндығын түсіндіретін адамның жоқтығынан болуда дейді. Жағдай осылай жалғаса берсе, келешекте бұдан да сорақы жағдайлар тіркелуі мүмкін екенін айтады.

«Ақнұрмен жатып қойдым…». Аталастан әйел алған қазақ оңбай ұрынды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз