Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

11 жастағы Өркенді өлтірді деген күдікпен ұсталған өгей ананың қамау мерзімі ұзартылды

  “Қарасай ауданының соты 18 наурызда Өркен Азаматұлын өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың барлығын қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы шешім шығарды”, – дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осылайша, Шәрипа Ақбердиева, оның ұлы Темір Ақбердиев, қызы Айдана Ақбердиева және Қайраттың інісі, кәмелетке толмаған Қадыржан Гулямов, сондай-ақ такси жүргізушісі Руслан Мұталиев тергеу абақтысында сәуірдің 22-не дейін қамалды. 26 ақпанда Алматының Алмалы аудандық прокуратурасының өкілдері Шәрипа Ақбердиеваның енесіне деген жеккөрініші баланы өлтіруге себеп болғанын айтқан.

Бала қаңтардың 19 жоғалып кеткен және бұл туралы оның әжесі Есенбекова хабарлаған. Соңғы рет оны түсте сабақтан шыққан кезде көргендер болған. Қаңтардың 22-не қараған түні Өркен Азаматұлының денесі саяжайдағы жертөледен табылған болатын.

Прокуратура мәліметі бойынша, істің барлық фигуранты кінәсін мойындаған. Алайда 25 қаңтарда Алмалы аудандық сотында бұлтартпау шарасын тағайындау кезінде олар кінәлі еместігін мәлімдеген. Істі тергеу барысында Айдана жеті сыныпты ғана аяқтап, жүкті екені анықталған. Темір тоғыз сынып қана тәмәмдаған. Шәрипа мен балалары жұмыс істемейді. Руслан оларды жол ақысы үшін апарып тастағанын айтады. Ол метрополитенде күзетші болып істеген. 

Тергеу қылмысты ұйымдастырған Шәрипа Ақбердиева деп есептейді. Ал оның балалары мен танысының қылмысқа қатысы бар.  Көз жұмған Өркен Азаматұлының әкесі әйелін қыздары үшін кешіруге дайын екенін айтқан болатын.  Сотта күдіктілердің айыбы дәлелденсе, Шәрипа Ақбердиева өмір бойы бас бостандығынан айырылады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз