18+
Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
19
USD
386.04
-0.01
EUR
427.77
-0.48
RUB
5.88
+0.04

«1-қаңтардан бастап…». Энергетика министрі тарифті төмендетуге бұйрық берді

Осы аптада электр энергиясына төмендетілген жаңа шекті тариф бекітіледі.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, электр энергиясының шекті тарифтерінің объективті деңгейін белгілейтін жұмыстар аяқталуда. Өткен аптада алдын ала нәтижелер Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен құрылған жұмыс тобында бұл мәселе қарастырылды», — деді ол.

Министрдің айтуынша, онда электр энергиясына шекті тарифтердің ұсынылған деңгейі талқыланды. Электр энергиясы бағасының орташа өлшем деңгейін қазіргі шекті тарифтен төмендету тәсілі қолдау тапты.

«Бұдан басқа, түпкі тұтынушыларға электр энергиясы бағасын төмендету мақсатында қуатқа шекті тариф мөлшері 1 мегаВатт үшін 590 мың теңге бекітілетін болады. Нәтижесінде ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми ұстанымы алынып, бүгінгі күннің соңына дейін тиісті бұйрық жобасын Әділет министрілігіне енгізу жоспарланды. Осы аптаның аяғына дейін қуатқа жаңа төменделтілген шекті тарифтің деңгейін бекітуді жоспарға алынды», — деді ол.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бұл желтоқсан айының 1-інде орталықтандырылған сауданы өткізуге мүмкіндік беріп отыр.

«Сауданың нәтижесі бойынша энергия өндірушілердің электр энергияға арналған шекті тарифтер бекітіледі. Сонымен қатар, энергетикалық кәсіпорындардың өтініштеріне байланысты, бірінші — кем дегенде электр станциялары үшін бүгінгі көмір бағасын сақтау және делдалдық жүйесін жою, көмір бағасын төмендету,

екінші — 2019 жылы бірінші қаңтардан бастап, энергия беруші және энергия жабдықтаушылардың тарифтерін қазіргі деңгейден төмендету қажет», -деді Қанат Бозымбаев.