ҚР Ұлттық банктің шілденің 2-4 күндеріне жариялаған 1 АҚШ долларының ресми бағамы – 338, 04 теңге болды. Ал бүгін ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 338,5-340 теңге аралығында сатылып жатыр.
Осы жағынан алғанда, бүгінгі АҚШ доллары бағамында үлкен өзгеріс бола қоймайды.
Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 335-338 теңге аралығында сатып алынып, 338,5-340 теңге аралығында сатылып жатыр.
АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 1-шілдедегі таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 338,04 теңге деңгейінде нақтыланды.