Бұл туралы Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
– 2016 жылғы 10-тамызда кешкі сағат 19:00 шамасында Алматы қаласының Жүйке саулығы орталығынан шизофренияның созылмалы түріне шалдыққан 1982 жылы туған пациент Құжамбетов Қанат Жанатұлы деген азамат қашып кеткен.
Қазіргі таңда Алматы қаласы ішкі істер департаментінің, сондай-ақ шекаралас облыстардың ішкі істер органдары бөлімшелерінің жеке құрамы азамат Қ.Ж. Құжамбетовты құрықтауға бағдарланған.
Полиция Қ.Ж. Құжамбетовтың қайда жүргенінен хабардар азаматтардан бұл жөнінде қолында бар ақпаратты кешіктірмей келесі телефондар арқылы хабарлауды өтінеді: 254-40-42; 254-40-92; 254-49-75 немесе 102, – делінген баспасөз қызметі таратқан ақпартта.