Түркіменстан басшысы елдің жетістіктерін шетелде насихаттауды талап етті

26 просмотров

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов үкімет отырысында елдің жетістіктерін шетелде насихаттауды тапсырды деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

«Біздің тәуелсіз отанымызда елді танымастан өзгертетін ғаламат жобалар жасалынып жатыр. Халықтың әлеуметтік-тұрмыс деңгейлері өсіп жатыр. Жаңа қалалар мен ауылдар пайда болып жатыр. Үлкен көпірлер, мектептер мен университеттер салынуда. Заманауи техникалармен жабдықталған кәсіпорындар салынып жатыр», — деді мемлекет басшысы үкімет мүшелеріне қаратып.

Алайда президенттің пікірінше, Түркіменстанның жеткен жетістіктерін әлем біле бермейді. Ол бұл істерді насихаттауда жаңа амалдар қарастыру керектігін айтқан. Әрі қандай тәсілдер қолдану керектігін де ұсынған.

«Құрамында ондаған ақпараттық агенттіктер кіретін елдердің ірі, беделді журналистік ұйымдарымен ынтымақтастық жүргізу керек. Бұл ұйымдарға мүше болу арқылы Түркіменстан әлемдік БАҚ-тармен әріптестік орнатады. Солар арқылы біздің жеткен жетістіктерімізді әлемге көрсетуіміз керек»,- деді Түркіменстан президенті.

Мұнан бөлек мемлекет басшысы түркімен ақпарат құралдарын қайта жасақтау керектігін айтқан. Президенттің пікірінше, Мемлекеттік ақпараттық агенттіктің құрылымын өзгертіп, жұмысшылар санын өсіру керек. «Агенттіктің жарты қызметкерлері шетел үшін хабар таратса, қалған жартысы біздің ел үшін хабар таратса дұрыс болады деп ойлаймын», — деді Бердымухамедов.

84055BF0-ACA4-4E9A-BD0C-77FDB0C6D3D3_cx57_cy15_cw43_w987_r1_s_r1

Загрузка...