Сапарбаев, Жақсыбеков, Көшербаев — ақпанның үздік әкімдері

75 просмотров

«Жағымды динамика», «дамудың жоғары қарқыны», «негізгі көрсеткіштердің өсуі» — Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінің әкімдері ақпан айында қоғамдық кеңестермен және халықпен ұйымдастырылған кездесулерде осы сөз тіркестерін пайдаланды. Ал аймақ басшыларының жұмысын тәуелсіз сарапшылар қалай бағалайды екен? Оны кезекті рет «Саясат-Monitoring» тобы анықтады.


Негізгі көрсеткіштерді өлшеу үшін наурыздың 1-нен 5-не дейін жабық сұрау салу әдісімен 27 сарапшы-саясаткерлердің, қоғам қайраткерлерінің, блоггерлердің, саяси технологтар мен журналистердің пікірі алынды. Респонденттер пікірінің негізінде әкімдер тиімділігінің рейтингі жасалды.

Бұл айдың негізгі көрсеткіштері – қар еру маусымына және егіс егу жұмыстарына дайындық, инфляцияға қарсы күрес және парламент сайлауы болды.

Алты әкім «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тізіміне енгізілген, қазір олар депутаттық өкілеттер мен әкім орынтағы арасында тұр

Алға шыққан ардагерлер

Ақпан Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты рейтингтің бірінші орнына алып шықты. Респонденттер Бердібек Машбекұлының ақпараттық белсенділігінің едәуір төмендегенін атап өтті, дегенмен оған оң баға берілді, өйткені «соңғы айларда әкім Сапарбаев көп болып кетті». Солай десек те сарапшылар

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөзде көп бой көрсетуі көзбояшылық емес, Бердібек Сапарбаев атқарған үлкен жұмыстың көрінісі екенін атап өтті.

Атап айтқанда, ақпанда жергілікті билік бюджетті толтырудың қосымша жолдарын жүйелі түрде іздеуге кірісті, жер учаскелерін түгендей бастады, жастар бірлестіктерінің ассоциациясын құрды. Ал ақпанда зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты әкім Сапарбаевтың өкілеттілігін ұзарту — оның тиімділігінің көрінісі.

Екінші орынға Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков жайғасыпты. Респонденттер «Әділбек Рыскелдіұлының есептік кездесулердің әдеттегі паркеттік форматынан ауытқыған жалғыз әкім болғанын атап өтті». Атап айтқанда, әкімнің есептік кездесулерінің алдында үлкен дайындық жұмыс атқарылды, оның барысында қала басшысы мен аудан әкімдерінің тұрғындарымен кездесуден бөлек «Белсенді азамат» акциясы өткізіліп, қала басқармаларының басшылары face to face форматында азаматтарды қабылдады. «Бұл жұмыс қала дамуындағы және көпшілікпен жұмыстағы мәселелерді айқындауға мүмкіндік берді. Бұл көп ретте есептік кездесудің жұмыс сипатын анықтауға мүмкіндік берді». Сондай-ақ респондеттер

әкім Жақсыбековтың «дайындалып қойылған сұрақтарға» жауап беру форматынан бас тартып, өзінің баяндамасынан кейін ниет білдірген азаматтарды жеке қабылдағанын

атап өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев айды үшінші болып аяқтады. Өзінің есептік кездесуінде Қырымбек Елеуұлы тұрғын үй құрылысы, индустриаландыру жобаларын жүзеге асыру туралы және облыс үшін тағы басқа маңызды шаралар туралы әңгімеледі. Бұдан бөлек, өткен айда облыста бірқатар маңызды мәселелер шешілді, оған үкіметпен үнемі жүргізілген келіссөздер жағымды әсер етті. Респонденттер атап өткендей, бұл мәселелерді әкім Көшербаев бірнеше рет салалық ведомстволарда көтерген болатын:

әкім Көшербаевтың табандылығы мен белсенділігі кезекті рет облыс үшін өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуге көмектесті

Мәселен, Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде Қызылорда облысы тұрғын үй құрылысына рекордтық сома — 22 млрд. Теңгені иемденуге қол жеткізді. Сөйтіп, мемлекет пен қаржы институттарының қолдауымен 2016 жылы 3 мыңнан астам пәтер салуға қол жеткізілмек. Бу-газ электростанциясы және «Жезқазған-Қызылорда» трассасының құрылысы бойынша оң шешім алынды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек үшін өткен айдың басты оқиғасы мемлекет басшысының жұмыс сапары болды. Сапар барысында Елбасы оңтүстік астананың дамуы және Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық барысы бойынша жиналыс өткізді.

Респонденттер жиналыстың жұмыс сипатында болғанын, «президент Назарбаевтың Алматыға және оның қазіргі басшылығына деген әкелік қамқорлығын атап өтті».

Атап айтарлығы, «әкім Байбек — алматылық әкімдердің ішінен алғашқы болып тау бөктеріндегі құрылысты тәртіпке келтіру бойынша карт-бланшқа ие болды.

Көшбасшылар тобының соңында бұрынғыдай Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұр. Сарапшылар өткен жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің жергілікті экономикадағы үлесінің 30 пайызға жеткенін және «оның барлық арналар бойынша — «Даму» қорымен қызметтесудің, инвестициялар тартудың, мақсатттар қоя білудің және тағы басқалардың нәтижесі болғанын қызық деп тапты». Сондай-ақ респонденттер бір жағынан, өткен жылдың елеулі нәтижелерін, екінші жағынан, әлеуметтік инфрақұрылымды және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша үлкен жоспарларын атап өтті.

ak1

Негізгі топ

Ақпан негізгі топтың жоғарғы жолдарына өзгерістер енгізген жоқ. Бұл жерде сондай-ақ Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұқамбетов пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың тұғыры да мықты.

Сегізінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов жайғасыпты. Өткен айда ол екі сынақтан өтті – Орталық коммуникациялар қызметіндегі журналистер алдында және есептік кездесудегі тұрғындар алдында. Екі жағдайда да

Атамқұловтың басты жетістіктері ретінде аймақтың дамуындағы жағымды динамика мен өнім өндірісі бойынша бесінші орын аталды

Және, сарапшылар атап өткендей ОҚО билігі өткен жылғы көрсеткіштерді жақсартуға ниетті. Мәселен, өткен айда облыста екі фабрика іске қосылды – шұлық бұйымдарын шығаратын және жергілікті кілем өндірісінің қажеттілігін өтейтін. Мұның сыртында, ауылшаруашылығы техникасына көмекші техниканы шығару өндірісін ретке келтіру, ет комбинатын және қыш черепицасын шығару зауытын салу бойынша келісімдерге қол жеткізілген.

ak2

Тоғызыншы орында — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов. Сарапшылар

аймақ экономикасы агроөнеркәсіптік кешеніне «байланғанын», шындап келгенде, СҚО-ға дағдарыс дендеп ене қоймау керек екенін, бірақ жүйелі қиындықтар өз рөлін атқарғанын

атап өтті.

Осы орайда, атап айтар нәрсе, облыс билігі жергілікті экономиканың құрылымын қайта жасақтау үшін өткен айда диірмен цехы ашылды, қант зауытының құрылысы жалғасуда, Қазақстан темір жолымен теміржол саласы жергілікті кәсіпорындарын тапсырыспен қамтамсыз ету бойынша келісімге қол жеткізілді, тұралап қалған өндірісті қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда. Сарапшылардың пікірі бойынша, бұл жұмыста әкім Сұлтановтың өткен айда дипломатиялық миссиялардың 33 басшысымен кездесуі жағымды әсер етуге тиіс.

Өткен айдың қорытындысы бойынша, оныншы орынға Қарағанды облысының әкімі Нұрмұқамбет Әбдібеков шықты. Аймақ басшысының ақпан айындағы күн тәртібіне тұрғындар және қоғамдық кеңес алдындағы есептік кездесулерден бөлек ауыл шарушылық жерлерін кеңейту, шағын және моно қалаларды, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту кіріпті.

Әкім аудандарға бірнеше рет шыққан, олардың барысында ол қызығушылық тудыратын әңгімесімен көзге түскен – бұл жолы Әбдібеков су тасқындарының алдын алу үшін жергілікті шенеуніктерге экстрасенстерге жүгіну жөнінде кеңес берген.

ak3

Қалғандарына табыс тілейміз

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин үшін өткен айдың басты істері келесі шаралар болды: көктемгі су тасқынына дайындық; барлық жерде жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында жұмыс орындарын қысқартпау туралы меморандумдарға қол қою; май зауытын іске қосу; елімізде ең ірі болуға тиіс салынып жатқан құс фабрикасын инспекциялау және калий тұзын және гербицидтер шығаратын зауыттың құрылысымен танысу болды.

Батыс-Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевың ақпан айындағы жұмысына баға берген респонденттер жергілікті биліктің ашықтығын және аймақ дамуының мәселелерін жәрия талқылауға дайындығын атап өтті. Сонымен бірге

өткен ай Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың ахуалы қоғамдық және ақпараттық маңызға ие мәселе екенін көрсетті.

«Бірнеше жыл бұрын мемлекет басшысы облыстағы жолдарын сынаған еді, әкіммен болған есептік кездесуде мәселенің көтерілуіне қарағанда, жергілікті билік бұл мәселені түбегейлі шеше алмаған сыңайлы». Жалпы, әкім Ноғаевтың командасы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қолайлы арнада ұстап отыр, «аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қатысты жергілікті биліктің жұмысын атап өтпеуге болмайды».

Рейтингті Қостанай облысының әкімі Архимед Мұқамбетов қорытындылаған. Респонденттер облысының экономикасының, әсіресе, оның тау-кен өндірісінің құлдырауды жалғастырғанын атап отыр. Десек те сарапшылар өткен министр Исекешевтің өткен айдағы Қостанайға жасаған сапарына және дағдарысқа қарсы шаралар бойынша, бірінші кезекте машина құрылысы кешеніндегі қол жеткізілген келісімдеріне оң баға беруде.

Респонденттердің бірі айдың қызықты бақылауы ретінде аймақ басшысының «бірнеше рет келеңсіз жағдайға тап болған» жергілікті ішкі істер департаменті жетекшісі үшін жауап беруіне тура келгенін атап өтті

Жалпы, Қостанайға бұрынғы облыс басшылығының орнына дағдарыс менеджері ретінде жіберілген әкім Мұқамбетовтің өз миссиясын атқарып жатқанын, ал «нақты және көзге көрінер нәтижелердің жақын арада келетіні» атап өтілуде.

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Загрузка...