Оңтүстік Қазақстанда „есірткі сатады„ деп күдікке ілінген жігіт қамауға алынды

95 просмотров

Оңтүстік Қазақстанда 1 келі марихуанамен 43-жастағы азамат қолға түсті.

Бұл туралы ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ОҚО ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілдері «Көкнәр-2016» жедел алдын-алу іс-шараларын жүзеге асыруда есірткі заттарын сатумен айналысады деп танылған 1973 жылғы күдікті — Төлеби ауданының тұрғынын құрықтады.

Ұсталған күдіктінің үйіне жүргізілген тексеру кезінде үйден 5 дана орамадағы өсімдік тектес, жасыл түсті, өткір иісті «марихуана» есірткісіне ұқсас заттар табылып, тәркіленді. Күдікті табылған есірткіні өткізу мақсатында сақтап келген.

Сот-криминалистикалық сараптамасы, табылған есірткі заттарының жалпы салмағы 1 келіден асатын «марихуана» екенін көрсетті.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, яғни «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Загрузка...