Мюнхендегі атыс кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ — ҚР СІМ

41 просмотров

Мюнхендегі атыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті деп хабарлайды 24.kz.

Естеріңізге сала кетейік, кеше кешкісін Мюнхендегі «Олимпия» сауда орталығының жанында белгісіз біреу атыс ашып, қаза тапқандар 10-ға жетті. Тағы 21-і жараланған. Арасында балалар да бар. Зардап шеккен 3 адамның хәлі мүшкіл.

Кең ауқымды арнайы операция түні бойы жүргізілді. Баварияға көршілес федералды аймақтардан, тіпті Австриядан қосымша күш тартылған. Полицияның мәліметі бойынша күдікті Германия мен Иран азаматтығы бар тегі парсы, 18 жастағы жігіт. Ол жалғыз өзі оқ жаудырған.

Оның жансыз денесі атыс орнына жақын маңнан табылды. Мюнхенде төтенше жағдай жарияланып, көлік қозғалысы тоқтатылды. Берлинде бүгін канцлер Ангела Меркельдің қатысуымен қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтпек. Неміс полицейлері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Загрузка...