Үкімет басшысы дәнді дақылдарды субсидиялауға айырықша көңіл бөлуді тапсырды

25 просмотров

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес дәнді дақылдарды өсірумен айналысатын «Бабық-Бұрлық» компаниясына тиесілі егіс алқабында өтті.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлайды.

Кәрім Мәсімов Ауыл шаруашылығы министрлігімен агроөнеркәсіптік кешенді, оның ішінде өсімдік шаруашылығын қарқынды дамыту бойынша тетіктер әзірленгенін атап өтті. Сонымен қатар Премьер-Министр елімізде өсірілетін астықтың басым үлесі осы Солтүстік Қазақстан өңіріне тиесілі екенін айтты. 2015 жылы аймақ диқаншылары елдегі барлық астықтың 20 пайызын бастырған.

Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нұрдан Әлтаев және басқа да жауапты тұлғалар аграрлық өнеркәсіп кешені секторында атқарылған жұмыстардың нәтижелері және саладағы ағымдағы жағдай бойынша есеп берді.

Кездесуге келген диқаншылар еттің экспорттық әлеуетін дамыту мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау мәселелері көп қызықтырды. Кәрім Мәсімов бұл мәселеде бизнес пен қоғамдастықтың пікірлері ескерілетініне сендірді.

Премьер-Министр қазіргі кезде субсидиялау жүйесін реформалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл мәселедегі негізгі мақсат – тиімді субсидиялар нормативтерін арттыру және тиімсіз нормативтерді төмендету немесе алып тастау. Мұндайда негізгі көңілді басым салалар мен ауыл шаруашылығы дақылдарын қолдауға бөлу қажет.

Бүгінде аграрлық сектор экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан мемлекет тарапынан аграрлық өнеркәсіп кешені қолдау жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда, осы саланы мемлекеттік қолдау 2011 жылғы 68,1 млрд теңгеден 2016 жылы 176 млрд теңгеге дейін, яғни 2,6 есеге артты.

Загрузка...