Еліміздегі мектеп директорларының күн өткен сайын араны ашылып барады. Оқу ордаларының тойымсыз басшыларының есіргені соншалық, пара алуды жүйелі жолға қойып алған. Жемқорлыққа қарсы агенттік директорлардың былығын әшкерелеп, Білім министрінің бетіне басты.
Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында директор өтірік адамдарды жұмыс алып, соның атынан ай сайын тұрақты жалақы алып отырған. Салдарынан бюджетке 1 миллион 200 мың теңге шығын келіпті. Оқу ордаларының басшыларына мұғалімдер жұмысқа орналасудан бөлек, сағат қостырып алғысы келсе, тіпті аттестациядан сүрінбей өту үшін де бөлек-бөлек пара беруі тиіс екен.