Бразилия – “бұзылған” ел ме, деп ойлап қаласыз осындайда. Бразилияда жыл сайын “Мисс Бум-бум” деген біртүрлі конкурс өтеді. Өйткені бұл байқауда халық құйрығы ең әдемі қызды таңдайды екен.
Содан болар, соңғы күндері Сан-Паулу қаласының көшелері жалаңаш әйелдерге толып кетті.
“Мисс Бум-бумға” мыңдаған әйел қатысқысы келеді, бірақ биыл тек отыз қызды ғана байқауға іріктепті.
Осы қыздардың кесірінен көшелерде қиқу-жиқу көлік тығыны пайда болған.
Байқаудың финалы қараша айында өтеді, оған 15 қыз іріктеледі. Бір қызығы — халық құйрығы әдемі қызды таңдау үшін интернет арқылы дауыс береді, жеңімпазға 22 мың доллар сыйлық береді.