Білім министрлігі Қазақ-түрік лицейімен келіссөздер жүргізіп жатыр

54 просмотров

Түркия елшісі Невзат Уяныктың мәлімдемесінен кейін Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Қазақ-түрік лицейімен келіссөздер жүргізуді бастады.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Түркия елшісінің мәлімдемесінен хабардармыз. Қазір Қазақ-түрік лицейімен келіссөздер жүріп жатыр. Келіссөздер нәтижесінің мерзімі белгіленген жоқ, басты спикер«KATEV» қоры болуы әбден мүмкін», — деп атап өтті ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры 1997 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған. Бүгінде ол қос мемлекет арасындағы көпірге айналды. «KATEV» қорының қарамағына 27 қазақ-түрік лицейі, Сүлеймен Демирель атындағы университет, Тараздағы Жамбыл экономика колледжі, «Шахлан» бастауыш мектебі, «Нұр Орда» халықаралық мектебі кіреді.

Естеріңізге салып өтсек, Астанада өткен баспасөз мәслихатында Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык қазақ-түрік лицейлеріне Түркия үкіметінің қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

Елші Түркиядағы 15 шілдеде болған лаңкестік әрекетті нақты Фетхуллах Гүлен лаңкестік ұйымы /ФЕТӨ/ ұйымдастырды деп отыр. Бұл күдік емес, нақты ресми Түркияның ұстанымы, деді Н.Уянык.

Қазақстанда бүгінгі таңда 27 қазақ-түрік лицейі шәкірт тәрбиелеп жатыр

Загрузка...