Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Түркия елшісі қазақ-түрік лицейлеріне қатысты көзқарасын білдірді

133

Қазақстанда қазақ-түрік атауы бар білім мекемелері Түркияның ресми билігіне түк қатысы жоқ. Олардың қызметіне қатысты барлық шешімдермен Қазақстанның құзырлы органдары, Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі айналысады, – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, қазақ-түрік лицейлерінің ішкі мәселелерімен Қазақстан билігі айналысады және елшілік олардың жұмысына қатысты мәселелерді талқылай алмайды.

Дегенмен оның сөзі бойынша, Түркияда бүлік жасаушы лаңкестік ұйымның тамыры барша әлемге тарап отыр.

«Олар xалықтың ақшасына сатып алынған танктермен, ұшақтармен мемлекетті басып алмақ болды. Түркиядағы төңкеріс 30 жыл бойы ұйымдастырылған. Олар өте қауіпті екені анық. Сондықтан олардың тамыры жайылған мемлекеттер осыны ескеруі тиіс», – деді елші мырза.

Айта кетейік, 15 шілде күні Ыстамбұлда әскери бүлік орын алып, 200-ден астам бейбіт азамат қаза тапты. Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам бүлікші ұсталды, бүлік барысында олардың 100-ге жуығы өлтірілді. Бұл көтеріліске «түрік Қарулы күштеріне еніп алған Фетxуллаxшыл лаңкестік ұйымы ұйымдастырды» деп жарияланды.

Осыған орай, Қазақстанда қоғам арасында KATEV қорымен құрылған қазақ-түрік лицейлерінің тағдыры тақырыбы қызу талқыға түсе бастады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз