Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақ қызға үйленем! Төреғалимен таласқан қытайлар Қазақ жерінде көбейгісі келеді

474

Сонда бұл неткен асығыстық десеңізші?.. Бүкіл ғұмырлық серікті осылай оп-оңай тауып, ешқандай сезімсіз отбасын құруға асыққан Қытай жігіттерінің не ойлағаны бар, өзі?..

Марқұм боп кеткен сенатор Иран Әміров 3-4 жыл бұрын Мәжіліс қабырғасында жер дауы мәселесі көтерілмей тұрған кездің өзінде: „Жиендеріміз желкеге шығып, елдіктен айырылуымыз мүмкін„ деп дабыл қаққан. Сол кездің өзінде сенатор жалған некені заң жүзінде ауыздықтай алмай отырғандықтан Қытайлар көптеп Қазақстан азаматтығын алып жатыр деп ашынып еді.

Саясаткер мұның салдары Қазақтың елдігі үшін үлкен қауіп деп салған.

2014 жылғы статистика бойынша, Қазақстанда жүрген Қытай азаматтарының саны 300 мыңнан асып кеткен. Оның 99 пайызының жоғары білімі болмаған. Ал Қазақстан азаматтығын алып алған Қытай саны 5 мыңға жеткен.

Міне, бұл көрсеткіш алдағы жылдары ұлғаймаса азаймасы анық. Өйткені 10 млрд доллар қарыз алған Қазақстан Қытаймен бірнеше жобаны жүзеге асыруға келісімін беріп қойған. Соның бірі – ауылшаруашылығы жерлерін игеру. Жерді игеріп қана қоймай, олар оны ұзақ мерзімге жалға алмақшы да. Міне, осы тұс қоғамның наразылығын бұрқ еткізіп, Жер кодексіндегі жалға беру туралы нормаларының қызметін уақытша тоқтатқан-тұғын.

Қытай диаспорасы көбейсе, олар билікке таласады

Қытайтанушы, тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұхамедханұлы Қытай қанша инвестиция құйса, соның әрбірінің астарында саяси мән бар деп санайды. Оның пікірінше, Қазақстандағы ауылшаруашылығы жерін игереміз деген жәй себеп қана, оның астарында қытайлардың қазақ қызына үйленіп, осы арада көбею туралы пасық пиғыл бар.

– Шекараны анықтап, белгілеу мерзімі 1998 жылы аяқталғанымен, Қытайдың оқулықтарынан осы күнге дейін Балқаштың маңы, Қазақстанның оңтүстік-шығысы Қытайдың ата-бабасының жері деген тұсы алынған жоқ. Бұл Қытайдың жасырын империялық жоспардан бас тартпағанын білдіреді. Енді олар оны қайтсе де жүзеге асыруға тырысады. Бұның ұлт үшін қандай қауіп-қатер алып келетіні айтпаса да белгілі.

Енді «Қытайға жерді игерудің қажеті қанша?» деген сауал төңірегінде әңгіме қозғасақ. Меніңше, еш қажеті жоқ. Тек олар жерді игереміз деп келіп, осында қазақ қызына үйленеді, олардың баласы Қазақстанда туып, Қазақстанның азаматы болады. Яғни, жердің заңды қожайынына айналады. Бұл Қазақстандағы қытай диаспорасының саны 30-40 пайызға дейін артуына алып келе алады. Мәселен, бұрын Вьетнам мен Қытай арасында қақтығыс болды. Не үшін? Себебі, Вьетнамдағы қытай диаспорасы билікке таласты. Сондықтан бұл тәуелсіздігімізге үлкен қауіп төндіреді.

Шетелдік жұмысшы күшін заңмен шектеу керек

Қытай соңғы жылдары қарқынды дамығанмен, онда экологиялық мәселелер өте көп. Одан көптеген аурулар тарап жатыр. Сондықтан оларға жер керек, – дейді ғалым.

Саясаттанушы Дос Көшім үлкен өкінішке ұрынбас үшін дереу арада заң қабылдап, Ресей секілді шетелдік жұмысшы күшін шектеу керек деп санайды.

– Қытайлардың қазақ жеріне көптеп келуі біздің ұлтқа үлкен апат әкелері сөзсіз. Былтыр Ресей сырттан келетін жұмыс күшін шектеді. Онда қазір шетелдік жұмыскерлер саны халықтың бір пайызынан аспайды. Бізге де осындай бір бастама керек. Біз мұны Жер реформасы бойынша ұлттық комиссияның отырысында ұсынған да болатынбыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз