Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қарағанды облысының жұртшылығымен және Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен кездесті. Достық үйінде өткен жиынға 150-ге жуық адам қатысты.
Кездесуде билік тармақтарын жаңғырту, этносаралық келісімді нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі институттарының өзгеруі және жаңа Халық кеңесін құру мәселелері талқыланды.
Қатысушылар жаңа Конституцияда сенім, теңдік және өзара сыйластық қағидаттары айқын көрініс тапқанын атап өтті. Президент бастамашы болған Халық кеңесі азаматтық қоғам мен этномәдени бірлестіктердің басын қосатын маңызды диалог алаңы болмақ.