Нұр-Сұлтан
Қазір
-29
Ертең
-27
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Ұжым атынан кәсіпорын басшысы Кинис Урақов сөз сөйлеп, референдумға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің және еңбек ұжымының саналы ұстанымының көрінісі екенін атап өтті.

«Біз күн сайын өңіріміздің дамуы мен тұрақтылығы үшін еңбек етеміз. Әр қызметкердің еңбегі – Маңғыстаудың өркендеуіне қосылған үлес. Референдум – еліміздің болашағын өз дауысымыз арқылы айқындауға берілген маңызды мүмкіндік. Шешімді бірге қабылдай отырып, біз сенімді, тұрақты әрі гүлденген Қазақстан үшін жауапкершілігімізді көрсетеміз. Болашақ – әр дауыста, әр әрекетте, әр адамның таңдауында. Біз, МАЭК ұжымы, жаңа Конституцияны толық қолдаймыз», – деді Кинис Урақов.

Кәсіпорын ұжымы жаңа Конституция мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін арттыруға бағытталғаны атап өтті.

«МАЭК» ЖШС өңірдегі негізгі кәсіпорындардың бірі ретінде өзінің белсенді азаматтық ұстанымын білдіріп, Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін растады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз