Абақтыда зорлық көрген жәбірленуші адвокатын қайта шақыртты

89 просмотров

Адвокат Айман Омарованың хабарлауынша, ол тергеу абақтысында зорланған әйелді қорғауды қайта жалғастырады. 13 қыркүйекте алматылық тергеу абақтысының сотталушысы Наталья Слекишина күтпеген жерден адвокаттық қызметтен бас тартқан еді.

Қорғалушымен түрмеде кездескен адвокаттың айтуынша, жәбірленуші «өзіне көрсетілген қысымға байланысты» адвокат қызметінен бас тартып, жалған мәлімдеме жасауға мәжбүр болған.

Адвокаттың әлеуметтік желідегі парақшасында Слекишинаның қорғаушы Омаровамен кездесуді талап еткен өтініші жарияланды. Онда жәбірленуші талап орындалмаған жағдайда аштық жариялайтынын мәлімдеген.

Слекишина өткен жылы Алматы тергеу абақтысында жүкті болып, бала туды. Ол өзін түрмеде зорланғанын мәлімдеді.

Абақты қызметкерлерінің Слекишинаны зорлау ісіне қатысты сот 11 тамызда жабық өте бастады. Істе айыпталушы ретінде бір адам — алматылық түрменің 37 жастағы қызметкері Руслан Хакимов қаралып жатыр, сараптама оның түрмеде туған қыздың әкесі екенін дәлелдеді. Хакимовке қыз зорлады, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды. Осы істе күдікті ретінде тартылған түрменің үш қызметкері енді куәгер мәртебесіне ауыстырылды.

Загрузка...