Ақтөбе облысында адам қағып өлтірген ауыл әкіміне қатысты сот басталды

31 просмотров

Әкім қағып өлтірген Әділхан Қуанышәлиннің ата-анасы кешірім беруден бас тартты. Өйткені олар әкім оқиға орнынан қашып кетті деп есептейді. Ал әкім, керісінше қашпадым, адамды бастым деп ойламадым деп азар-да безер.

Ақтөбе облысы Кеңқияқ елді-мекенінің басшысы болған Нұрлыбек Қалмағанбетов жарты жыл бұрын машинасымен жол жиегінде тұрған көлікке соғылып, жанындағы екі жігітті қағып кеткен. Салдарынан 21 жастағы Әділхан Қуанышәлин оқиға орнында қаза тапты. Ал қасындағы жігіт қазір жазылып шықты.

Ең сорақысы, шенеуніктің ол кезде көлік айдауға құқығы болмаған деп хабарлады КТК арнасы.

Еркебұлан Ермекбаев, Темір ауданы прокурорының орынбасары:

-Жол-көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде ауыр салдарға әкеп соққанын біле тұра, зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетпеген. Жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалды.

Мұнайлы ауылға әкім болардың алдында Нұрлыбек Қалмағанбетов көлік айдау құқығынан айырылған. Ол кезде де мас болып ұсталыпты.

Шенеунік апат болған күні «сау едім» деп отыр. Ал апаттың кешқұрым абайсызда болғанын айтып ант-су ішуде.

Нұрлыбек Қалмағанбетов, айыпталушы:

— Бастапқыда адамды басқан жоқпын деп ойладым. Қайтқан баланы көрген де жоқпын. Содан мен де шокта кетіп қалдым. Мен қашқан жоқпын.

Әкім қағып өлтірген Әділхан Қуанышәлиннің ата-анасы кешірім беруден бас тартқан. Олар жол бойында қансырап жатқан баласын тастап кеткен Қалмағанбетовтен түңіліп отыр.

Загрузка...