Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Өзім орысша білмеймін, балам білсін”. Майғазиев баласын орыс мектебіне берген ата-аналарды сынап тастады (видео)

298

«Е-е-eh! Досқа күлкі, дұшпанға таба болу деген осы емес пе екен деп қалам. Баба тілін, ана тілін білмейтін жандардың ақша төлеп тұрып, ағылшын тілін үйренетінін қайтерсің?! Тәуелсіздікті ту еткендерден туған тілін білмейтін біз ғана екенбіз. Ұялсақ етті! Бірақ, оған да намыс керек-ау… 2016-дағы өкпе-назым осы болсыншы, 2017-ге дейін ренжуге де уақыт болмайын деп тұр», – дейді Сәкен Майғазиев.

Өз кезегінде желідегі жұрт әншінің сөзіне қолдау білдірген екен. “Ата-анасы өзіміз орысша білмейміз баламыз білсін деп орыс мектепке беретінін қайтесіз” деп жазыпты қолданушының бірі.

Ал видеодағы көрініс тіпті ұялтты.

“Мен қазақша сөйлеспейтін қазақтарды көрдім, кішкене таңғалдым, олар қазақтар, Қазақстанда тұрады. Қазақша сөйлеуі керек”, – дейді америкалықтың  бірі.

«Екі қазақ қыздары бір-біріне қазақша сөйлейді. Бірақ маған орысша сөйлейді, бірақ мен орысша білмеймін», – деп қоштайды екіншісі.

https://www.instagram.com/p/BOjiKl6l1sF/?taken-by=saken_maigaziyev

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз