Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жыныстық қатынас қаншалықты жиі болуы керек?

696

Дегенменде, осы орайда мамандардың пікірі екіге қақ айырылады. Қай-қайсысы болмасын, өз білгендерінше жауап береді. Мысалы, ғалымдардың көпшілігі аптасына екі рет жыныстық қатынасқа түсу керек деген пікір айтады. Сексологтардың қалған бөлігі қалыпты жағдай — аптасына 5 рет дейді.

Қалай болғанда да, сауатты дәрігерлердің тұжырымы, «ер адамдарға шаршап қалмауы үшін серігіне өзінің мықтылығын көрсету мақсатында бір түнде бірнеше жыныстық қатынасқа түспеу керек. Шаршап қалу қаупі туындағандықтан адамның ойлау қабілеті мен физикалық қабілеті әлсірейді» дегенге саяды.

Қосымша факторлар

Қарама-қарсы жынысқа деген сексуалдық құштарлық деңгейі жас келген сайын өзгеріп отырады. Кейбіреулерге үлкейгенде бұл процесс айқын бола бастайды, кейбіреулерге айырмашылығы болмағандықтан, жас кезіндегідей болады.

Жақында психологтар тағы бір қызық жайтты анықтады. Мансаптың өсуімен, бизнеспен, шығармашылықпен немесе басқада қызығушылықтарға берілген заманауи адамдар басқа адамдарға қарағанда, жыныстық қатынасты аз қажет етеді екен. Бұл процессті сублимация деп атайды.

Сублимация — сексуальдық қуаттың трансформацияланып басқа сала арқылы шығуы.

Сексологтардың айтуы бойынша, жыныстық қатынасқа жиі түсу адамның денсаулығына оң әсерін тигізеді екен. Алайда, сіздің денсаулығыңыз өзіңіз жақсы көретін адаммен жыныстық қатынасқа түскенде ғана оң әсерге ие болады.

Дереккөзanabol.kz

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз