Әлемнің ең мәртебелі боксшысының бірі Қарағандыға ат басын тіреді. Рой Джонс осымен кеншілер қаласына екінші мәрте келіп тұр.
Ол екі ретінде де бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алу үшін келді деп хабарлады Nn.kz.
Рингке шыққан Рой Джонс өзі шығарған әнді шырқады. „Көлеңкемен жекпе-жек„ деп аталатын оның әнінің әуеніне Назым Қызайбай бастаған қазақ боксшылары секіріп, билей жөнелді.