Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жын қаққан”. Алматыда жасөспірім қыз 71 жастағы кейуананы сабап тастады (видео)

134

https://kaz.365info.kz/khazyu-zhatakhhanasyndagy-zhymbakh-olim-video-333275

“Таспен ұрды  басымнан. Аузымдағы салмалы тіс қой, шығып кетті. Қан деген ағып жатыр. Қайдан ағып жатқанын білмеймін. Үстіме мініп екі аяғымен отырып алған.

Жын қаққан ба, ауру ма  түсінбедім мен?!”, дейді  Қалышбике Айымбетова.

Ал зейнеткердің бар кінәсі – ескерту жасағанында екен. Яғни көршісінің қызына ауласына кіріп кеткен сиырын «алып кет» деген. Алайда, ол сөзді жасөспірім құлағына да ілмеген. Ақыры болмаған соң әжейдің өзі малды шыбықпен қуады. Алайда, шарбақтан шыққан бойда оңбай таяқ жеген.

“Келсем, аузы, қолы қан. Шешеңнен де үлкен адам. Ұят емес пе дедім! Ол қарсыласып тұра берді бізбен”, дейді оқиға куәгері.

 Жасөспірімнің тепкісінен кейін Қалышбике Айымбетованың миына зақым келгені анықталды.

https://kaz.365info.kz/adilet-ministrliginde-biraz-bylykhtyn-beti-ashyldy-333272

“Науқас басынан қатты жарақат алған. Миы шайқалған. Есінде болғанымен, жағдайы ауыр. Емделгеннен кейін де ол кісіге ми жарақатына байланысты ерекше күтім қажет”, дейді Іле аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.

Оқиғадан соң көршілердің арасы күрт суыған. Ал жетпістен асқан кемпірді ұрып, ауылды шулатқан қыздарына ата-анасы шаң жуытпай отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз