Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, қой маңырайды. Ал, қазақ орысша сөйлейді

455

Жоқ, бұл үкімет Қазақстанның емес, Қазақстан халқы ассамблеясының үкіметі екен. Азшылықтың тіліндей сөйлейді. Демек, аз ғана топтың ғана мүддесіне әрекет етсе керек. 70 пайыз халықтың тілінде сөйлеп, соның мүддесіне сай іс істесе, баяғыдан бәрі басқаша болар еді. Жылдар бойы шешімін таппай қордаланған саяси, экономикалық мәселелердің шешуі де сонда…

Жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, қой маңырайды. Ал, қазақ Үкіметі орысша сөйлейді… Не істейсіз? Жылайсыз ба, күлесіз бе, күресесіз бе?

Қазақ қоғамының жауабы белгілі: “Үндемеген үйдей бәледен құтылады”, “Өзіміздің екі-үш аман болсын, басқасы өлмек түгілі өмірем қапсын”, “Тек жүрсең, тоқ жүресің” “Осығанда тәуба!” т.с.с.

Ал, әр қазақтың ата-бабасы жаужүрек, күрескер, сұңғыла, әділетсіздікке төзбейтін, ұлттық намысына шіркеу түсірмейтін еңіреп туған ер болған!..

Өміржан Әбдіхалықұлының фейсбуктегі жазбасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз