ҚР ІшкіІсМинінің Төтенше жағдайлар комитеті қазақстандықтарды су қоймалары маңында демалыс барысында балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырды.
«Бізде өткен аптада Алматы облысында екі қайғылы оқиға орын алды. Екі бала өздерінің үйінің ауласындағы су құйылған ыдыстарда суға батты. Бұл нені білдіреді? Менің ойымша, бұл ретте ата-аналардың немқұрайлылығын байқауға болады. Жалпы, жыл сайын еліміз бойынша су қоймаларында 100-ге жуық бала қайғылы оқиғаға тап болады. Биылғы жылдың басынан бері республика бойынша 20-дан астам бала суға батты», – деді аталған комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.