Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Жорабаева құпиясымен бөлісті: «Өзімнің аузымнан естігендеріңізді жөн санадым»

2014
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы әртіс өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша ерте ме кеш пе, құпияның беті ашылатын еді.

«Қымбатты оқырмандарым! Мен сіздерге бір құпиямды ашайын деп отырмын. Ол құпияны ертелі-кеш еститін едіңіздер. Алайда, өзімнің парақшамда, өзімнің аузымнан естігендеріңізді жөн санадым. Негізі «Алтынай жиһаз» компаниясының негізін қалаушы жолдасым. Жолдасыма осыдан екі ай бұрын үлкен бизнес ұсыныс жасалды. Ол білікті кәсіпкер ретінде, бұл компанияны екі ай бойы зерттеді де, маған келіп, отбасылық бизнес жасауға керемет, болашағы зор компания екендігін айтты.

 — деп жағымды жаңалығымен бөлісті.

Тағы бір шешімі маған төбемнен жай түскендей болды. Ол не шешім десеңіздер? Алтынай жиһаз компаниясын саттым деді. Сөйтсем «Алтынай жиһаз» компаниясын құрбан етуге тұрарлықтай компания екен. Бұл компанияның ерекшелігі отбасы болып жұмыс жасайсыз. Алла бұйыртса, бірігіп жасаған істің берекесі, қайыры болатыны анық. Бұл бизнесті сіз де отбасыңызбен немесе жеке жасай аласыздар. Алла қаласа жаңалық күтіңіздер.

 

 

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Естеріңізге сала кетейік, танымал інші жақында екінші рет тұрмысқа шықты. Оның жары 39 жаста, Қостанай облысының тумасы. Ол тек Алтынайдың туыстарының ғана емес, қыздарының да тілін таба білді. Олар өгей әкелерін «папа» деп атайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз