Соңғы жылы елімізде қырық мыңнан астам жас шаңырақ құрған екен. Жаман емес. Алайда бұған қарама-қайшы екінші бір есеп бар. Ол – сол жылы жиырма мыңға жуық адам ажырасыпты. Енді бұл өте бір өкінішті жағдай.
Қаншама шаңырақ күйреді, қаншама бала әкесіз, шешесіз қалды дегендей. Ажырасудың да өзегінде білгілі бір себеп жатады. Мәселен,
менің көршімнің отауының ойрандалуына Фейсбук, ВК, Инстаграм секілді әлеуметтік желілер әсер етті.
Олар жап-жақсы отбасы еді. Екі балалары бар. Жастары отыздан аса қоймаған. Нағыз өсіп-өркендеп жатқанда шаңырақтары ортаға түсті. Жағдай былай болған:
«Жомарт пен Сәуле ажырасып кетіпті. Қалай білмегенбіз», деп бір күрсінді.
Мен таң-тамаша болдым. «Ағалап-әпкелеп» тұратын жандар еді. Бір ұл, бір қыздары бар. Кешкілік екеуі қолтықтасып, балалары жандарында ойнап, таза ауада серуендеп жүретін. Міне, нағыз жарасқан отбасы, деп риза болушы едім. Енді міне, амал нешік?
https://kaz.365info.kz/tybine-dejin-ishkish-khyzdardyn-maskhara-videosy-zhyr-18-297114
Рас, соңғы бірнеше айда екеуінің бірге жүргенін көре алмағанмын. Керісінше, ол үйде айқай-шу жиі шығатын болды. Бірнеше рет мен жоқта Сәуле қарындасымыз үйге жылап келіп мұңын шағыпты. Айтатыны:
«Жомарт соңғы кезде қатты өзгеріп кетті. Бұрын тапқан табысын үйге тасушы еді. Қазір ақшасын көрмейтін болдық. Оғаш мінез көрсетеді. Боқтайды. Ұрып жібереді. Не болғанын білмей жүрмін. Мынау телефон, әлеуметтік желі деген пәле болды. Сонда отыратын жас қыздармен танысады. Хат жазысады. Тіпті кешке жатарда сыртқа шығып солармен видеозвонок жасап сөйлесіп жатқанын талай мәрте көрдім. Алғашында «жай, ермек қой» дей салатын. Соңғы кезде «неге мені аңдисың, шешеңді…» деп боқтап, ұрып жіберетін болды.
Кей күндері кешкілік үйге келмей, таң ата келетін, кейде қонып қалатын әдет шығарды.
Инстаграм, фейсбук, Вк-ларға жас кезінде түскен суреттерін жүктеп, әлек-шәлек шығатын болды.
Сөйтіп жас қыздарға ұнаймын деп ойлатын сияқты. Қазіргі қыздарда да ми жоқ қой. Сол суреттерге лайк басып, жылы пікір жазып жатады. Бәлкім кездесіп те жүруі мүмкін», деп Сәуле жылаған көрінеді.
Бұл бұдан бірнеше ай бұрын болған оқиға. Енді міне, ажарасып кетіпті дегенді естіп отырмын.
https://kaz.365info.kz/ajelimdi-zhas-khyzga-ajyrbastadym-ylan-akhsakhaldyn-okhigasy-262600
Содан арада бірнеше күн өткен соң көршімнің үйі жағынан тағы шу шықты. Әйел адам өсекке бейіл ғой. «Не болып қалыпты, біліп келейін» деп әйелім сонда кеткен.
Бір уақытта жүгіріп келіп тұр. «Жүрші, Жомарт келіп Сәулені ұрып жатыр» деп дір-дір етеді. Бардық. Ажыраттық. Жомарт өзіне тиселі керек-жарағын тиеп алып кетуге келген екен. Сірә, бәзбір заттарды бөлісе алмай, сөзге келісіп қалған секілді.
«Бауырым мұның не? Мен сендерді жұртқа мақтап, «осындай керемет көршім бар» деп жүруші едім. Не болды сендерге?», деп жағдайды сұрадым.
«Мына қатын ғой. Болмайтын нәрседен қызғанып, жанжал шығарып. Интернет арқылы қыздармен танысқан екенмін. Онда не тұр? Ары кетсе солардың бәрімен болмаса да, бірнешеуімен кездескен шығармын. Тіпті жатқан да шығармын. Бірақ олармен қалмаймын ғой. Бәрібір үйге келемін. Жігіттік кімнен қалмаған. Ал мына жарымес қатын соған бола сотқа арыз беріп, ажырасып тынды. Шамасы менің емес, осының біреуі болуы мүмкін. Ортамызға іріткі салып, «ажырас, мен сені аламын» деп жүрген. Айт шешең, шыныңды», деп Жомарт әйеліне тағы тап берді.
https://kaz.365info.kz/kyjeuimdi-tartyp-aldy-zhezdesine-tiip-algan-khyz-zhyrttyn-ashuyn-tugyzdy-311584
Әйтеуір ортаға тұрып, ажыратып алдым. «Үйде баламен отырған менде кім болушы еді. Құдай куә. Бәріне кінәлі сен. Қыдырғаның аздай, кейде ұйқысырап жатып, қайдағы бір қаншықтардың аттарын атап, «жаным» «күнім» деп сөйлеп жатасың. Мұндай жағдайға айтшы, қай қатын шыдайды. Қашанғы төземін. Менде де қызғаныш, намыс бар ғой», деп Сәуле шыр-шыр етеді.
«Сотқа арыз жазып, менен ажырасқанда жақсы біреуді табамын деп тұрсың ба? Сені кім алады. Әр еркек қолын бір сүртіп лақтырып тастайтын трәпкі боласың. Сол ма керегі саған? Маған жап-жас қыз табылады. Көріп, естіп жүрсің ғой, менің достарымның почти бәрі ажырасып, жас қыздарға үйленіп алды. Мен де сүйтемін. Жерде қалмаймын. Сол жігіттердің ажырасқан қатындарын көріп жүрсің ғой. Кім-көрінгеннің ойнасы болып, жәлеп атанып жүр. Айтпады деме, Сенде солардың бірі боласың», деп Жомарт Сәулеге қарай ұмтылып-ұмтылып қояды.
Не керек, жап-жақсы отағасы болып отырған Жомарт осылай әлеуметтік желілерде отырған желөкпе қыздармен байланысқа түсемін деп шаңырағын шайқалтып алды.
Бұған кім кінәлі?
Жомарт па, әлде оның отбасы бар еркек екенін біле тұра, қылмыңдап аудио, видео звонок жасап сөйлесіп, СМС жазысып, жүрген желөкпе қыздар ма?
Жарылқап Далабай
https://kaz.365info.kz/barin-syjem-astanalykh-zhas-zhigit-birden-ysh-khyzga-yjlenip-alypty-258333