Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жол полициейлері енді хаттама толтырмайтын болды

“Әр жобаның артында қалың адамдар шоғыры тұрады. Біздің комитеттің командасы жол полициясының жұмысы үшін жоба құрастырды” деп жазған ол, 9 кезеңнен тұратын өзгерістерді ұсынады.

1. Бұрын хаттаманы қағазға жазып тұруға 15-20 минут кететін болса, қазір оны планшет арқылы 3-5 минутта реттеуге болады;

2. Қағазда азаматтың мәліметтеріне қатысты қателіктер кетіп, айыппұлдар уақытылы төленбеді. Ал қосымша арқылы ЖСН нөмірін енгізіп, барлық мәліметтер база арқылы шығып тұрады;

3. Егер азаматтың жол ережесін бұрын бұзғаны туралы білгісі келсе полиция рация арқылы диспетчермен хабарласатын. Енді қазір планшетте ол адам бұзған әкімшілік жауапкершіліктер сайрап тұрады.

4. Электронды хаттаманы жоғалтып алу, жою, өңдеу мүмкін емес. Ондағы мәліметтер бірден базаға тіркеледі;

5. Қағаз хаттама кезінде полицей хаттамаларды тағы бір қызметкерге өткізуге тиісті еді. Енді планшет арқылы ереже бұзушылық бірден айыппұлдардың бірыңғай базасына топ етіп, төлем жасау үшін екінші деңгейлі банктерге таратылады;

6. Айыппұлды төлегеннен кейін базадан аты-жөнің жойылады;

7. Сондай-ақ, сен туралы қосымша куәлік беріледі (көлігі ұрланған ба немесе жол-көлік оқиғасына қатысы бар ма деген секілді).

8. Сақтандыру базасы мен техникалық тексеру базасы ынтымақтасады;

9. Жақын арада полицейлердің айыппұлдарды планшет арқылы қабылдайтын мүмкіндігі болады.

tolqyn.kz

https://kaz.365info.kz/nazarbaev-zhana-zhol-erezhelerine-khol-khojyp-tastady-270364

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз