Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
4
USD
445
+0.77
EUR
478
+2.56
RUB
4.85
+0.02

Жол-көлік құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша ауқымды акция өткізіледі

297
Аудан прокуратурасымен жол-көлік құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша тұрақты негізде түрлі іс-шаралар жүргізілуде.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы барлық уәкілетті органдардың қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізіліп, уәкілетті органдарға жағдайды тұрақтандыру мақсатында нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, ішкі істер органдарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізілді, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау бойынша жұмыс жандандырылды, бұл ретте жылдамдық режимі мен масаң күйде көлік құралын басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Әр жүргізушімен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аудан прокуратурасымен арнайы әзірленген брошюралар таратылды.

Биылғы жылдың 21-22 қыркүйек күндері аудан прокуратурасымен “Қауіпсіздік-менің таңдауым” ұранымен жол-көлік құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша ауқымды акция өткізіледі. Акцияның басты мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың, жұртшылықтың назарын жол-көлік жарақаттары проблемаларына аудару және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы ауыр зардаптарға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін екенін көрнекі мысал ретінде көрсетіп, ұғындыру.

Бұл күндері жол-көлік оқиғасынан кейін автокөліктері бар 2 эвакуатордан тұратын колонна полиция патрульдерінің автокөлігімен бірге Үшарал қаласының және Алакөл ауданының өзге елді мекендерінің көшелерімен жүріп, аудан тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы хабардар етеді.

Одан бөлек акция барысында, жүргізушілерге жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жадынамалар табысталатын болады.

Алакөл аудандық прокуратурасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз