Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

«Жоғарыдағылар шешеді». Мемлекеттік сыйлық — ең әділетсіз берілетін сыйлық

265

— Мемлекеттік сыйлық әділ берілмейді. Өйткені осы сыйлықты жұртқа беретін комиссияда мен біраз жыл, яғни он-он бес жыл жұмыс істедім. Ол жерде өзімді де екі рет ұсындым. Сосын ол жердегі тірліктен әбден түңілгеннен кейін, мақала жазып, онда комиссия дегеннің маңайына қайтып жоламайтынымды, өзімді түбінде ешуақытта сыйлыққа ұсынбайтынымды ашық айттым. Неге түңілдім дейсіз ғой, бұл коммисия өте формалды түрде ғана жұмыс істейді. Алғашқы кезде менің таң қалғаным, жұрт ұсынылған шығармалардың бәрін оқып келіп, отырыста егжей-тегжейін шығарып талдап, бағалап лайықтысын көрсетеді екен десем, олай емес екен.

Комиссия жиналады екен де, «ал дауыс берейік» деген әңгімеден бастайды екен. Алғашында мен жан-жақты даярланып келген едім, сол кезде марқұм Қадырдың айтқаны бар:

«Ау, Герольд, сен немене, шығармаларды талдау үшін келдің бе? Жоқ олай болмайды. Сен не десең де, қалай талқыласаң да қалыптасқан жүйені өзгерте алмайсың. Осы бағытпен жүреміз», деген соң ойланып қалдым.

Расында солай екен. Ол жерде ешқандай талқылау жоқ. Қазір де солай.

Демек, мен бұл Мемлекеттік комиссиядан әбден түңілдім. Әділ қорытындыға келіп, сыйлықты әділ береді дегенге сенгім жоқ. Барлығы күні бұрын белгіленеді екен де, соның ыңғайымен кетеді екен. Сен дауыс бердің бе, бермедің бе, мәселе онда емес.

Мәселе жоғарыда отырғандардың шешіміне байланысты. Айтарым осы.

Демек, Мемлекеттік сыйлық әлі күнге өзінің талантты иесін таппай көрінген жолбикенің, қотыраш пен батыраштардың қанжығасында кетіп жатыр деген сөз ғой. Бұған не дейсіз!

Ақшарқат Ахметбек

Герольд Бельгер. Фото: Tengrinews.kz
https://kaz.365info.kz/sakh-bolyndar-ger-aganyn-ne-degenin-bilesiz-be-245627

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз