Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елімізде әскери-патриоттық әндер байқауы жарияланды

167

Аталған жоба композиторлар және жазушылар одағымен бірлесе кәсіби деңгейде өткізілетінімен ерекшеленеді.

Әділқазылар алқасының құрамына ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген Қорғаныс министрлігінің, жазушылар одағының, композиторлар одағының өкілдері кіреді.

Байқауда жоғары орындаушылық шеберлігіне, жанрлық ерекшеліктерге, сапалы деңгейге және тақырып таңдаудағы өзгешелікке, автордың шығармашылық шеберлігіне баға беріледі.

Байқау «Отан қорғаушының оң бейнесін айшықтай түсетін ҚР ҚК туралы имидждік әндер» және «Саптық пен әскер түрлері және тектері бойынша әндер» атты екі аталым бойынша екі жылда бір рет өткізілетін болады. Шығармашылық сайысқа су жаңа, өзгеше, бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған және орындалмаған туынды ұсынған авторлар қатыса алады.

Алғашқы номинациядағы бас жүлде ҚР Қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшысының жүлдесі, екінші аталымда 1, 2, 3-орын жеңімпаздарын марапаттайды. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2016 жылғы 25 қазанға дейін жолдау қажет.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз